26.11.2025 02:43
«Челси» «Барселонаны» тізе бүктірді
26.11.2025 02:43
Чемпиондар лигасының 5-туры аясында «Челси» өз алаңында «Барселонадан» басым түсті

«Стэмфорд Бридж» стадионында өткен кездесуде 3:0 есебі тіркелді. Матч барысында Эстевао мен Лиам Делап мергендік танытса, Жюль Кунде автогол соқты. Сондай-ақ 44-минутта Рональд Араухо қызыл қағаз алды.
Осылайша 10-ұпайына қол жеткізген Лондонның клубы турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Ал еншісінде жеті ұпайы бар «блауграна» 15-сатыда келеді.
Энцо Мареска шәкірттері келесі турда «Аталантамен» кездессе, Ханси Фликтің жігіттері «Айнтрахтпен» ойнайды.