26.11.2025 06:25

Араухо бірнеше рет алаңнан қуылған

26.11.2025 06:25

Араухо Еуропаның топ-5 чемпионатында ең көп қызыл қағаз алған ойыншы атанды

«Барселонаның» орталық қорғаушысы Рональд Араухо Чемпиондар лигасының 5-туры аясында «Челсиге» қарсы өткен матчтың алғашқы таймында қызыл қағаз алған еді.

32-минутта Рональд алғашқы сары қағазын алды, ал 44-минутта екіншісін алып, алаңнан қуылды. Бұл қызыл қағаз Араухоның 2023 жылдың наурызынан бері «Барселона» сапындағы төртіншісі болды. Осы уақыт ішінде Еуропаның топ-5 чемпионатында одан көп алаңнан қуылған жалғыз ойыншы - «Хетафенің» орталық қорғаушысы Домингуш Дуарте (5).

Ағымдағы маусымда 26 жастағы Араухо 15 матч өткізіп, 2 гол соқты. 2 сары және 1 қызыл қағаз алды.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram