26.11.2025 19:15
«Челси» Майк Меньянға көз тікті
26.11.2025 19:15
«Челси» Майк Меньянды жазда еркін агент ретінде қатарына қосуды көздейді

Белгілі инсайдер Саша Тавольеридің хабарлауынша, «Челси» клубы «Милан» қақпашысы Майк Меньянның өкілдерімен қайта байланыс орнатты. Лондон клубы француз қақпашысын осы жазда еркін агент ретінде құрамына қосуға ниетті.
Ақпаратқа сәйкес, Меньян «Миланмен» жаңа келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отырған жоқ. Бұл жағдай «Челси» үшін ойыншыны тегін трансфер есебінде алу мүмкіндігін айтарлықтай арттырып отыр.
«Челсимен» қатар бірнеше алпауыт ұжым қызығушылық танытып отыр. Бұл ойыншыға тартыс қыза түседі деген сөз.