27.11.2025 01:08

Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасының тарихына енді

27.11.2025 01:08

«Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасында тарихи нәтиже тіркеді

Отандасымыз 17 жас 110 күнінде «Копенгаген» (3:2) қақпасын тулатты.

Осылайша турнир тарихында гол соққан ең жас ойыншылардың қатарына қосылды.

Рекорд 17 жас 40 күнінде «Интерге» қарсы мергендік танытқан Ансу Фатиге тиесілі. Ал екінші орында – Ламин Ямаль (17 жас, 68 күн). Оның жұлдызы «Монакоға» қарсы матчта жанған еді.

Айта кетейік, «Қайрат» келесі турда 9 желтоқсан күні «Олимпиакосты» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram