27.11.2025 06:06

«Атлетико Мадридтің» аяқ алысы жаман емес

27.11.2025 06:06

«Атлетико» қатарынан 6-шы матчын жеңді

«Атлетико» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі матчта «Интерді» 2:1 есебімен жеңді. Альварес пен Хименес командаға жеңіс сыйлады.

Мадрид клубы үшін бұл барлық турнирлердегі қатарынан жеткен алтыншы жеңіс. Бұған дейін олар Ла Лигада «Бетисті» (2:0), «Севильяны» (3:0), «Леванте» (3:1) және «Хетафені» (1:0), ал Чемпиондар лигасында «Унионды» (3:1) жеңген.

«Матрасшылар» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде 9 ұпай жинап, 12-орынға тұрақтады. Енді олар келесі турда сырт алаңда ПСВ командасымен бақ сынасады.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram