27.11.2025 06:30

Маркиньос 500-ші ойынын өткізді

27.11.2025 06:30

Маркиньос ПСЖ сапындағы 500-ші матчын өткізді

ПСЖ Чемпиондар лигасының 5-турындағы матчта «Тоттенхэмді» қабылдады. Голға толы ойында 5:3 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.

Париж клубының орталық қорғаушысы Маркиньос негізгі құрамда алаңға шығып, командадағы 500-ші матчын өткізді. 31 жастағы ойыншы ПСЖ-нің басты ойыншысы атанып, ең жақын бәсекелесі Жан-Марк Пилоржені 54 матчқа артта қалдырды.

Биылғы маусымда Маркиньос клуб деңгейінде 9 матчта 1 гол соқты. Ол 2013 жылдан бері ПСЖ сапында өнер көрсетіп келеді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram