02.03.2026 16:26
Вирц әлі оралмайды
02.03.2026 16:26
«Ливерпуль» жартылай қорғаушысы Флориан Вирцтің жағдайы белгілі болды

22 жастағы неміс футболшысы арқасын зақымдап алып, соңғы екі ойынға қатыспаған еді.
Осыған байланысты ол тағы екі ойынды өткізіп алатын болды. Бас бапкер Арне Слоттың айтуынша, қатарға келесі аптада қосылуы мүмкін.
Вирц Мерсисайдтың клубына өткен жазда «Байерден» 125 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол содан бері «қызылдардың» сапында 35 матчта алты гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.