02.03.2026 14:18
Месси әлем рекордын орнатты
02.03.2026 14:18
MLS 2-турында «Интер Майами» сырт алаңда «Орландо Ситиді» 4:2 есебімен жеңді

Орландода өткен матчта Лионель Месси екі гол соқты. Оның бірін Лео айып соққысынан қақпа торына енгізді.
Осылайша 38 жастағы аргентиналық шабуылшы 19 жыл қатарынан айып добынан гол соққан тарихтағы алғашқы футболшы атанды. Лео 2008 жылдан бері үздіксіз айып добынан қақпа торын тулатып келеді.
Месси «Интер Майами» сапында 2023 жылдан бері ойнайды. Ол осы маусымда екі матчқа қатысып, екі гол соқты.