02.03.2026 13:56
«Арсенал» топ-қорғаушыға көз тікті
02.03.2026 13:56
«Интер» қорғаушысы Алессандро Бастони мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Caught Offside хабарлауынша, 26 жастағы италиялық ойыншыға «Арсенал» қызығушылық танытып отыр. Миланның клубы Алессандроны 90-100 миллион еуроға бағалап отыр және келіссөз жүргізуге ашық.
Бастони «нерадзурри» намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 33 матчта екі гол соғып, алты нәтижелі пас берді.