02.03.2026 10:39

Гави жақында оралады

02.03.2026 10:39

«Барселона» жартылай қорғаушысы Гавидің жағдайы белгілі болды

Mundo Deportivo хабарлауынша, 21 жастағы испаниялық ойыншы жарақатынан айығып келеді. Бас бапкер Ханси Флик оны 7 наурыз күні болатын «Атлетикке» қарсы матчқа қатысатын футболшылар тізіміне қосады екен.

Ол қыркүйек айында тізесіне ота жасатқан еді. Ал алаңға соңғы рет 23 тамызда шықты.

Гави осы маусымда екі матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram