02.03.2026 09:56

«Тоттенхэм» антирекордын қайталады

02.03.2026 09:56

Ағылшын Премьер-лигасының 28-турында «Тоттенхэм» «Фулхэмге» есе жіберді

Осылайша Лондонның клубы ішкі біріншіліктегі жеңіссіз сериясын 10 матчқа (алты жеңіліс, төрт тең) дейін ұзартып, клуб антирекордын қайталады.

Бұған дейін «қораздар» мұндай көрсеткішті 1994 жылдың қаңтары мен наурызы аралығында тіркеген. Ол кезде команданы Освальдо Ардилес жаттықтырды.

28 ойыннан кейін 29 ұпай жинаған Игор Тудордың шәкірттері АПЛ турнир кестесінде 16-орында келеді. Келесі турда команда 5 наурыз күні «Кристал Пэласты» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram