02.03.2026 09:27

Консейсау Роналдудың жетістігін қайталады

02.03.2026 09:27

«Ювентус» вингері Франсишку Консейсау Италия А Сериясының 27-турында «Рома» (3:3) қақпасының торын тулатты

Осылайша 23 жастағы ол чемпионаттың бір маусымында «Ромаға» екі гол соққан тарихтағы екінші португалиялық ойыншы атанды. Консейсау 16-турда да Рим клубының қақпасынан саңылау тапқан еді.

Бұған дейін мұндай мәртебе тек Криштиану Роналдуға тиесілі болған.

Консейсау осы маусымда 31 матчта төрт гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram