02.03.2026 08:55
Бруну Фернандеш Бекхэмді артқа тастады
02.03.2026 08:55
«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Бруну Фернандеш «Кристал Пэласқа» (2:1) қарсы ойында пенальтиден гол соғып, Беньямин Шешкоға нәтижелі пас берді

Бұл Брунудың Ағылшын Премьер-лигасында «гол+пас» жасаған 18-матчы болды. Осылайша ол 17 матчта көзге түскен Дэвид Бекхэмді артқа тастады.
Ал бұл көрсеткіш бойынша 35 ойында мергендік танытып, ассист жасаған Уэйн Руни көш бастап тұр. Екінші орында 22 матчымен Райан Гиггз тұр.
Фернандеш АПЛ осы маусымында 25 матчта жеті гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.