01.03.2026 23:48
«Арсенал» рекорд қайталады
01.03.2026 23:48
Ағылшын Премьер-лигасының 28-турында «Арсенал» өз алаңында «Челсиді» 2:1 есебімен жеңді

«Зеңбірекшілердің» қос голын Уильям Салиба мен Юрриен Тимбер бұрыштамадан соқты. Осылайша Лондонның клубы АПЛ бір маусымында бұрыштамадан 16 мәрте гол соғып, рекорд қайталады.
Бұған дейін мұндай көрсеткішті 1992/93 жылғы маусымда «Олдхэм», «Вест Бромвич» (2016/17) және «Арсеналдың» (2023/24) өзі тіркеген еді.
Чемпионаттың аяқталуына әлі 10 тур бар, сондықтан рекорд жаңарып қалуы әбден мүмкін.