01.03.2026 20:57

«Манчестер Юнайтед» камбэк жасады

01.03.2026 20:57

Ағылшын Премьер-лигасының 28-турында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Кристал Пэласты» сан соқтырды

«Олд-Траффорд» стадионында өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. Матчта алғаш болып 4-минутта Максенс Лакруа есеп ашты. Оған 57-минутта Бруну Фернандеш (пенальтиден) және 65-минутта Беньямин Шешко жауап қайырды.

Осылайша манкуниандықтар 51-ұпайын олжалап, турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.

Майкл Кэрриктің шәкірттері келесі турда 4 наурыз күні «Ньюкаслға» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram