01.03.2026 18:47

Левандовски қатардан шықты

01.03.2026 18:47

«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски жарақат алды

37 жастағы поляк форварды «Вильярреалға» (4:1) қарсы матчта сол жақ көз шарасының сүйегін сындырып алыпты.

Осыған байланысты 3 наурызда өтетін «Атлетикоға» қарсы қарымта матчқа қатыспайды. Испания кубогы жартылай финалы аясында болған алғашқы кездесуде «блауграна» Мадридтің клубына 0:4 есебімен есе жіберген еді.

Левандовски осы маусымда 32 матчта 14 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram