01.03.2026 23:23
«Арсенал» «Челсиді» тізе бүктірді
01.03.2026 23:23
Ағылшын Премьер-лигасының 28-турында «Арсенал» өз алаңында «Челсиден» басым түсті

«Эмирейтс» стадионында өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Уильям Салиба мен Юрриен Тимбер мергендік танытты. Сондай-ақ Пьеро Инкапье «Челсидің» пайдасына автогол соғып алды.
Осылайша «зеңбірешілер» 64-ұпайын олжалап, турнир кестесінде көш басында қалды. Ал 45 ұпайы бар «көктер» алтыншы орынға табан тіреген.
Микель Артетаның шәкірттері келесі турда «Брайтонмен» кездессе, Лиам Росеньордің командасы «Астон Вилламен» күш сынасады.