02.03.2026 08:29
«Интер Майами» камбэк жасады
02.03.2026 08:29
АҚШ-тың MLS біріншілігінің 2-турында «Интер Майами» сырт алаңда «Орландо Ситиді» сан соқтырды

Орландода өткен кездесу 2:4 есебімен аяқталды. Матчта алаң иелері алғаш болып екі гол соққан еді. Бірақ оған «Интер Майами» төрт голмен жауап қайырды. Ал Лионель Месси дубль авторы атанды.
Осылайша флоридалықтар биыл алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Маусымның алғашқы матчында команда «Лос-Анджелеске» (0:3) есебімен есе жіберген еді.
Месси бастаған ұжым келесі турда 7 наурызда «ДС Юнайтедке» қонаққа барады.