02.03.2026 08:14

Эмре Джан қатардан шықты

02.03.2026 08:14

«Боруссия» жартылай қорғаушысы әрі капитаны Эмре Джан жарақат алды

32 жастағы неміс ойыншысы Бундеслиганың 24-туры аясындағы «Баварияға» (2:3) қарсы матчта Конрад Лаймермен соқтығысып, сол аяғының тізе байламын үзіп алыпты.

Осыған байланысты бірнеше ай командасына көмектесе алмайды.

Джан Дортмунд клубының намысын 2020 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 16 матчқа қатысып, үш гол соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram