02.03.2026 12:29

Месси Пелемен теңесті

02.03.2026 12:29

MLS 2-турында «Интер Майами» «Орландо Ситиді» 4:2 есебімен жеңді

Орландода өткен матчта Лионель Месси екі гол соқты. Оның бірін Лео айып соққысынан қақпа торына енгізді.

Осылайша 38 жастағы аргентиналық шабуылшы айып добынан соққан голдар санын 70-ке жеткізіп, бұл көрсеткіш бойынша Пелемен теңесті. Ал рекорд Жуниньо Пернамбуканоға (77 гол) тиесілі.

Месси «Интер Майами» намысын 2023 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда екі матчқа қатысып, екі гол соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram