02.03.2026 12:26
«Ювентус» ойыншысы «Ромаға» ауысуы мүмкін
02.03.2026 12:26
«Ювентус» жартылай қорғаушысы Тен Копмейнерс «Ромаға» ауысуы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, Рим клубының бас бапкері Джан-Пьеро Гасперини өзінің бұрынғы шәкіртін командасында көргісі келеді. Бұған дейін 68 жастағы маман оны 2021-2024 жылдары «Аталантада» жаттықтырған еді.
Одан бөлек Тенге «Галатасарай» да қызығушылық танытып отыр. Ал Туриннің клубы Копмейнерсті кемі 30 миллион еуроға бағалайды.
28 жастағы Нидерланд құрамасының ойыншысы осы маусымда 36 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.