12.11.2025 20:47
Винисиустың позициясы өзгереді
12.11.2025 20:47
Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти шәкірті Винисиус Жуниор жайлы сөз қозғады

– «Оны орталық шабуылшы ретінде көремін. Винисиус – гол соға алатын футболшы. Сұрмергендік қасиеті бар. Мен оған: «Қапталда жүгірсең, үш-төрт қарсыласты алдап өтуің керек. Ал ортада ойнасаң бір-ақ қимылмен қақпа саңылауын табуға болады» дедім. Кейін ол менің айтқаныма құлақ асты»,– деді Карло Анчелотти.
«Реал» вингері осы маусымда 16 ойында бес гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.