12.11.2025 16:35
Харри Кейн «Баварияның» үздік ойыншысы атанды
12.11.2025 16:35
Харри Кейн «Баварияның» қазандағы үздік ойыншысы атанды

Ағылшын шабуылшысы өткен айда алты ойында жеті гол соқты. Осылайша жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Карл Леннарт пен Конрад Лаймерді артқа тастады.
Бұл жүлдені Харри қатарынан екінші рет иеленіп отыр. Ал тамызда Майкл Олисе топ жарған еді.
Кейн биылғы маусымда 17 матчта 23 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.