12.11.2025 16:17

Нойер тағы бір маусым «Баварияда» қалуы мүмкін

12.11.2025 16:17

«Бавария» Нойермен келісімшартты ұзартуды көздеп отыр

Мюнхеннің «Бавария» клубы тәжірибелі қақпашы Мануэль Нойермен келісімшартты ұзартуға ниетті. Бұл туралы немістің Bild басылымы хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, қазіргі таңда 39 жастағы Нойердің нарықтық құны Transfermarkt порталының бағалауынша 4 миллион еуро шамасында. Қақпашы клубта тағы бір маусым қалуы мүмкін. Алайда ол түпкілікті шешімді өз денсаулығына байланысты қабылдайды деп күтілуде.

Мануэль Нойер «Бавария» сапында 2011 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында ол барлық турнирлерде 575 матч өткізіп, 469 гол жіберген. Ағымдағы маусымда Нойер 14 кездесуге қатысып, 10 гол жіберіп алған.

Қазіргі таңда «Бавария» Бундеслига турнирлік кестесінде 28 ұпаймен бірінші орында тұр.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram