12.11.2025 16:05
«Милан» Левандовскимен байланыс орнатты
12.11.2025 16:05
«Милан» Левандовскиді өз қатарына қосуды көздеп отыр

Журналист Саша Таволери хабарлауынша, «Милан» «Барселонадан» кетуі мүмкін Роберт Левандовскиді өз сапына шақыруға тырысуда. Клуб алдағы апталарда оның агенттерімен жаңа кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.
Поляк шабуылшыны «Миланның» жобасы қызықтырғаны айтылады. Жақында Левандовскидің өкілдері клуб басшыларымен байланысқа шыққан.
Алайда шабуылшы нақты шешім қабылдамаған. Өйткені мансабын «Барселонада» аяқтағысы келеді. Дегенмен қос тарап арасындағы келісім ойыншының болашағын өзгертуі мүмкін.