12.11.2025 15:10
«Барселона» «Ливерпуль» ойыншысына көз тікті
12.11.2025 15:10
«Барселона» Гравенберхті көздеп отыр

«Барселона» «Ливерпульдің» жартылай қорғаушысы Райан Гравенберхті өз сапына қосуға ниетті. Клуб басшылығы трансферді қаржыландыру үшін бірнеше ойыншысын сатуға дайын екені айтылуда.
Алайда футболшыға қызығушылық танытып отырған жалғыз команда «Барселона» емес. «Реал» да Гравенберхтің жағдайын бақылауда ұстап отыр. Бұл екі испан алыбы арасындағы жаңа бәсекелестіктің бастамасы болуы мүмкін.
Гравенберхтің өзі де Испанияға ауысу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Дегенмен ресми келіссөздер жүргізілмеді.