12.11.2025 18:02
Родриго оңайлықпен берілмейді
12.11.2025 18:02
Родриго «Реалдағы» орнын сақтап қалуға бел байлады

«Реалдың» 24 жастағы шабуылшысы Родриго командадағы орны үшін соңына дейін күреседі. AS басылымының хабарлауынша, футболшы өзін көрсетіп, негізгі құрам үшін таласады.
Родриго соңғы маусымдарда маңызды ойындарда шешуші голдарымен көзге түскенмен, бұл маусымда негізгі құрамдағы орны тұрақсыз болып тұр. Соған қарамастан, футболшы «Реалдың» сапында өз болашағы үшін соңына дейін күресуге дайын екенін мәлімдеген.
Осыған дейін жас ойыншаға «Тоттенхэм» қызығушылық танытты деген ақпарат тараған еді.