12.11.2025 19:52
АПЛ клубына бас бапкер тағайындалды
12.11.2025 19:52
Роб Эдвардс «Вулверхэмптон» бас бапкері атанды

Қос тарап 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Бұл ауысымнан Робтың соңғы клубы «Миддсбро» үш миллион фунт стерлинг пайда тапты.
Уэльс өкілі одан бөлек «Лутон Таун» мен «Уотфорд» секілді ұжымдарды баптаған. Сондай-ақ дәл осы «Вулверхэмптонде» бас бапкердің көмекшісі ретінде қызмет атқарған.
11 турдан кейін бар-жоғы екі ұпай жинаған «қасқырлар» Ағылшын Премьер-лигасында соңғы 20-орында келеді. Ал осыған дейін команданы 2024 жылдың желтоқсанынан бері Витор Перрейра тізгіндеген еді.