29.03.2026 12:50
Винисиус жарақат алмаған
29.03.2026 12:50
«Реал» мен Бразилия құрамасының вингері Винисиус Жуниордың жағдайы белгілі болды

Мигель Анхель Диастың хабарлауынша, Вини Францияға (1:2) қарсы жолдастық кездесуде ешқандай жарақат алмапты. Бірақ сақтық үшін Хорватиямен ойынға қатыспауы мүмкін.
Осыған дейін Винисиустың соңғы жаттығудан тыс қалғаны туралы ақпарат тараған еді.
25 жастағы бразилиялық вингер осы маусымда клуб сапында 43 матчта 17 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.