29.03.2026 12:04

Каземиро «Интер Майамиге» ауысуы мүмкін

29.03.2026 12:04

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Каземиро мансабын АҚШ-та жалғауы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 34 жастағы ойыншыға «Интер Майами» қызығушылық танытып отыр. Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Каземироның өзі MLS клубына ауысуға дайын. Сондай-ақ оған Сауд Арабиясы мен Еуропаның клубтары да қызығушылық білдірген.

Осыған дейін Каземиро «Манчестер Юнайтедпен» осы жазда аяқталатын келісімшартты ұзартпайтынын растаған еді.

Бразилиялық хавбек Манчестер клубының намысын 2022 жылдың жазынан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 30 матчта жеті гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram