28.03.2026 21:27
Бастони «Барселонаға» ауысуға дайын
28.03.2026 21:27
«Интер» қорғаушысы Алессандро Бастони мансабын Испания Ла Лигасында жалғауы мүмкін

Marca хабарлауынша, 26 жастағы италиялық ойыншы «Барселонаға» ауысуға дайын және келіссөз бастауға келісімін берді. Бірақ әлі «Барселона» «Интермен» байланысқа шықпапты.
Каталония клубына Алессандроның құны мәселе болуы мүмкін. «Блаугранаға» 70 миллион еуро төлеу қиынға соқпақ. Сондықтан келіссөз барысында біраз саудаласайын деп тұр. Ал егер Бастониді алу мүмкін болмаса клуб Микки ван де Вен («Тоттенхэм»), Нико Шлоттербек («Боруссия» Дортмунд) немесе Лука Вусковичті («Гамбург») қарастырып көреді.
Бастони «Интер» намысын 2019 жылдан бері қорғайды. Ол осы маусымда 35 матчта екі гол соғып, алты нәтижелі пас берді.