28.03.2026 19:30

«Реал» ойыншысы АПЛ-ге ауысуы мүмкін

28.03.2026 19:30

«Реал» жартылай қорғаушысы Орельен Тчуамени мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Defensa Central хабарлауынша, оны «Манчестер Юнайтед» пен «Ливерпуль» өз қатарынан көргісі келеді. Англияның клубтары оған жылына 12 миллион еуро жалақы төлеуге дайын.

Ал «Реал» 26 жастағы ойыншыдан қол үзгісі келмейді. Керісінше онымен 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартты тағы да ұзартуды жоспарлап отыр. Француз футболшының өзі де «бланкос» сапында қалуды жөн санайды екен.

Тчуамени Мадридтің клубына 2022 жылы «Монакодан» 80 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 41 матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram