28.03.2026 18:45

Хоселу Еуропаға оралуы мүмкін

28.03.2026 18:45

«Әл-Гарафа» шабуылшысы Хоселу мансабын Еуропада жалғауы мүмкін

Маттео Мореттоның хабарлауынша, 36 жастағы испаниялық форвард Қатардың клубымен 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайды. Оны Еуропаның бірнеше клубы еркін агент ретінде алғысы келеді. Хоселудың өзі де топ-чемпионатқа оралуды қалайды екен. Футболшы алдағы аптада болашағына қатысты шешім қабылдайды.

Хоселу «Әл-Гарафаға» 2024 жылдың жазында «Реалдан» ауысып келген еді. Ол осы маусымда 22 матчта тоғыз гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram