28.03.2026 16:42
Қазақстан Украинаға есе жіберді
28.03.2026 16:42
Қазақстан U19 құрамасы Еуро-2026 іріктеуінің элиталық кезеңіндегі екінші матчта Украинаға жол берді

Румынияның Буфтя қаласында өткен матч 3:0 есебімен аяқталды. Ойынның 30-минутында қақпашымыз Шерхан Қалмырза алаңнан қуылып кетті.
Осылайша еншісінде үш ұпайы бар біздің құрама турнир кестесінде екінші орында келеді. Топта одан бөлек Украина, Солтүстік Ирландия және Румыния бар. Еуропа чемпионатына жолдама бірінші орын алған командаға бұйырады.
Сергей Лабодовский шәкірттері соңғы ойынды 31 наурыз күні Солтүстік Ирландияға қарсы сырт алаңда өткізеді.