28.03.2026 15:18
«Реал» ойыншысы «Бетиске» ауысқысы келеді
28.03.2026 15:18
«Реал» жартылай қорғаушысы Дани Себальос жазда клубтан кетеді

Marca хабарлауынша, ол нақты шешім қабылдап қойыпты. Дани «Реалда» аз ойнайтынына наразы екен. Сондықтан бұрынғы клубы «Бетиске» оралуды жоспарлап отыр.
Себальостың келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Ал «Реал» оны тек сатуға дайын, яғни еркін агент ретінде тегін жібергісі келмейді.
Дани «Бетис» намысын 2011-2015 жылдар аралығында қорғаған еді. 29 жастағы испаниялық жартылай қорғаушы осы маусымда 22 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.