28.03.2026 14:59
Тухель «мини Вальвердені» атады
28.03.2026 14:59
Англия құрамасының бас бапкері Томас Тухель шәкірті Джеймс Гарнерді «Реал» жартылай қорғаушысы Федерико Вальвердеге теңеді

– «Джеймс Гарнер – біздің «мини Вальверде»,– деді 52 жастағы неміс маманы.
25 жастағы «Эвертон» хавбегі осы маусымда 34 матчта үш гол соғып, алты нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, кеше Англия мен Уругвай жолдастық кездесу өткізіп, 1:1 есебімен тең түскен еді. Уругвайды жеңілістен құтқарған голды Федерико Вальверде 90+4-минутта пенальтиден соқты.