28.03.2026 12:02

Леннарт Карл Германия құрамасында дебют жасады

28.03.2026 12:02

Халықаралық жолдастық кездесу аясында Германия сырт алаңда Швейцарияны 4:3 есебімен жеңді

Базельде өткен кездесудің 63-минутында «Бавария» жартылай қорғаушысы Леннарт Карл алаңға «Галатасарай» ойыншысы Лерой Саненің орнына алмасып шықты. Бұл Леннарттың Ұлттық құрама жейдесінде өткізген алғашқы матчы болды.

18 жастағы ойыншы осы маусымда 35 матчта сегіз гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram