28.03.2026 11:51
Ла Лиганың үздік ойыншысы белгілі болды
28.03.2026 11:51
«Леванте» шабуылшысы Карлос Эспи Ла Лиганың наурыздағы үздік ойыншысы атанды

20 жастағы испаниялық форвард осы айда үш ойынға қатысып, төрт нәтижелі пас берді.
Осылайша ол жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Федерико Вальвердені («Реал»), Ламин Ямальды («Барселона»), Гонсало Гедесті («Реал Сосьедад») және Санти Комесаньяны («Вильярреал») артқа тастады.
Эспи осы маусымда жалпы 18 матчқа қатысып, тоғыз гол соқты.