28.03.2026 03:01
Англия Уругваймен тең тарқасты
28.03.2026 03:01
Халықаралық жолдастық кездесу аясында Англия өз алаңында Уругваймен тең түсті

Лондондағы «Уэмбли» стадионында өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында құрамаға араға 3,5 жыл салып оралған Бен Уайт 81-минутта гол соқты. Ал 90+4-минутта Федерико Вальверде пенальтиден мүлт кетпей, командасын жеңілістен аман алып қалды.
Келесі ойында Англия Жапониямен кездессе, Уругвай Алжирмен шеберлік байқасады.