27.03.2026 22:10
Қазақстан Словакияға есе жіберді
27.03.2026 22:10
Қазақстан U21 құрамасы Еуро-2027 іріктеу кезеңіндегі алтыншы матчында Словакияға жол берді

Түркістанда өткен кездесу 1:3 есебімен аяқталды. Бізден жалғыз голды Мағжан Тоқтыбай 79-минутта соқты.
Осылайша отандастарымыз турнир кестесінде төрт ұпаймен соңғы орында қалды. D тобында бізден бөлек Словакия, Англия, Ирландия, Андорра және Молдова бар.
Владимир Чебурин шәкірттері келесі матчын 31 наурыз күні Ирландияға қарсы өткізеді.