27.03.2026 21:51
Рафинья Чемпиондар лигасының ширек финалына қатыспауы мүмкін
27.03.2026 21:51
«Барселона» вингері Рафинья жарақат алды

AS хабарлауынша, Бразилия құрамасының ойыншысы Францияға (1:2) қарсы жолдастық кездесуде оң жақ сан бұлшық етін жыртып алыпты.
Егер бұл расталса, Рафинья «Атлетикоға» қарсы қос матчқа да қатыспайды екен. Чемпиондар лигасы ширек финалы аясындағы ойындар 8 және 14 сәуір күндері өтеді.
29 жастағы Рафинья осы маусымда 31 матчта 19 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.