27.03.2026 18:02
«Ливерпуль» 200 миллионға вингер алмақ
27.03.2026 18:02
«Ливерпуль» әлі де «Бавария» вингері Майкл Олиседен үмітін үзбеді

TalkSPORT хабарлауынша, Мерсисайдтың клубы ол үшін 200 миллион еуро төлеуге дайын. «Қызылдар» Олисені Мұхамед Салахтың жоқтығын білдіртпей ойнай алатын футболшы деп біледі.
Бірақ «Бавария» Майклды сатуға үзілді-кесілді қарсы. Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Одан бөлек Олисеге «Реал» да қызығушылық танытуда.
24 жастағы француз вингері Мюнхеннің клубына 2024 жылы «Кристал Пэластан» 53 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 39 матчта 16 гол соғып, 27 нәтижелі пас берді.