27.03.2026 14:36
Чалханоглу жарақат алды
27.03.2026 14:36
«Интер» жартылай қорғаушысы Хакан Чалханоглу жарақат алды

32 жастағы Түркия құрамасының ойыншысы ӘЧ-2026 іріктеуінің аясындағы Румынияға (1:0) қарсы матчта сол аяғының балтыр бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты жақында медициналық тексерістен өтеді.
Хакан бұған дейін қаңтар айында дәл осындай жарақат алып, бір айға жуық уақыт ойнамаған еді.
Чалханоглу осы маусымда клуб сапында 26 матч өткізіп, тоғыз гол мен төрт нәтижелі пастың авторы атанды.