27.03.2026 12:47
«Манчестер Юнайтед» үш ойыншыға көз тікті
27.03.2026 12:47
«Манчестер Юнайтед» жазда қорғаныс шебін күшейтуді жоспарлап отыр

Sky Sports хабарлауынша, манкуниандықтар қапталда ойнайтын футболшыны алуды көздейді. Қазір клуб Майлс Льюис-Скеллиге («Арсенал»), Натаниэль Браунға («Айнтрахт») және Льюис Холлға («Ньюкасл») қызығушылық танытып отыр екен.
31 турдан кейін 55 ұпай жинаған «Манчестер Юнайтед» Ағылшын Премьер-лигасында үшінші орында келеді.