27.03.2026 12:07

«Манчестер Сити» АПЛ-ден ұшып кетуі мүмкін

27.03.2026 12:07

«Манчестер Сити» Ағылшын Премьер-лигасынан ұшып кетуі мүмкін

MatchDay Central хабарлауынша, «қалалықтардан» қаржылық ережені бұзғаны үшін 60 ұпай алынып тасталуы мүмкін. Ондай жағдайда Пеп Гвардиола шәкірттері турнир кестесінде соңғы орынға сырғып, Чемпионшипке түсіп қалады.

Бұған дейін 2009-2018 жылдар аралығында «Манчестер Ситидің» 130 қаржылық ережені бұзғаны туралы ақпарат тараған еді. Клубқа қатысты үкім маусым соңына шығады.

30 турдан кейін 61 ұпай жинаған команда Ағылшын Премьер-лигасында екінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram