27.03.2026 13:08

Ферран Торрес «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

27.03.2026 13:08

«Барселона» шабуылшысы Ферран Торрес «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

Anfield Talk хабарлауынша, Мерсисайдтың клубы Мұхамед Салахтың кететінін білген соң назарын Ферранға бұрды. Оны бас бапкер Арне Слот аттай қалап отыр. Торрес Слоттың ойынына, тактикасына дәл келетін футболшы екен.

Ал «Барселона» ойыншысын жазда сатуға дайын және оның орнына жаңа форвард іздеп жатыр.

26 жастағы испаниялық ойыншы осы маусымда 40 матчта 16 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram