27.03.2026 12:54

Рафинья жарақат алды

27.03.2026 12:54

«Барселона» вингері Рафинья жарақат алды

29 жастағы Бразилия құрамасының ойыншысы Францияға (1:2) қарсы жолдастық кездесуде оң аяғының бұлшық етін зақымдап алыпты.

Осыған байланысты бүгін медициналық тексерістен өтеді. Нәтижесінде жарақатының қаншалықты ауыр екені белгілі болады.

Рафинья осы маусымда 31 матчта 19 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram