27.03.2026 17:38
«Арсеналдан» бір ойыншы кетеді
27.03.2026 17:38
«Арсенал» шабуылшысы Габриэль Жезус клубтан кетеді

Topskills Sports UK хабарлауынша, «зеңбірекшілер» онымен 2027 жылдың 30 маусымында аяқталатын келісімшартты ұзартпайды. Сондықтан Жезус осы жазда клуб ауыстыруды қарастырып отыр.
28 жастағы бразилиялық форвард Лондонның клубына 2022 жылы «Манчестер Ситиден» 52,2 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 21 матчта бес гол соғып, екі нәтижелі пас берді.