27.03.2026 21:28
Аргентина ойыншысы Әлем чемпионатына бармайды
27.03.2026 21:28
«Страсбур» шабуылшысы Хоакин Паничелли ауыр жарақат алды

23 жастағы шабуылшы оң аяғының тізесінің айқыш байламын үзіп алыпты.
Осыған байланысты ол биылғы Әлем чемпионатына қатыспайды. Бұған дейін Паничелли 2024 жылы дәл осы жарақатты алып, жеті айдай ойнамаған еді.
Хоакин осы маусымда жалпы 39 матчта 20 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Ал Франция чемпионатында 16 гол соғып, сұрмергендер көшін бастап тұр.