28.03.2026 02:38

Рафинья қатардан шықты

28.03.2026 02:38

«Барселона» вингері Рафинья жарақат алды

Бразилия құрамасының ойыншысы Францияға (1:2) қарсы жолдастық кездесуде оң жақ сан бұлшық етін зақымдап алыпты.

Осыған байланысты ол шамамен бес аптадай ойнамайды. Салдарынан «Атлетикоға» қарсы қос матчқа да қатыспайды. Чемпиондар лигасы ширек финалы аясындағы ойындар 8 және 14 сәуір күндері өтеді.

29 жастағы Рафинья осы маусымда 31 матчта 19 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram